«Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 100 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі - жүргізу тәртібі Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың алтыншы абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап соң қолданысқа енгізіледі
«4) мемлекеттік жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, санитариялық қорғау аймақтары, жер пайдаланудың есепке алынуы және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: